Қазақстанда кепілсіз микрокредит бойынша пайыз 4,5 есе төмендеуі мүмкін

1113

Елде кепілсіз микрокредит бойынша пайыз 4,5 есе төмендеуі ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қазақстанда кепілсіз микрокредит бойынша пайыз 4,5 есе төмендеуі мүмкін

"Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы" Қазақстанның ұлттық банкі 2019 жылғы 26 қарашадағы №209 қаулысына (...) мынадай өзгеріс енгізілсін: 

1-тармақ төмендегі редакцияда жазылсын: "1. Жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәні: берілетін микрокредит сомасын толығымен жабатын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген, берілген микрокредит сомасының 20% мөлшерінде белгіленсін, бірақ берілген микрокредит сомасының 5,5% мөлшерінде кепілмен қамтамасыз етілмеген", - деп жазылған қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаулысының жобасында. 

Жоба халықтың борыштық жүктемесінің өсуін шектеу және жеке тұлғаларға 50 АЕК-ке (1 АЕК – 3180 теңге) дейін және 45 күнге дейінгі мерзімге берілетін микрокредиттер бойынша қарыз алушылардың құқығын қорғауды күшейту үшін әзірленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу