Қазақстанда кеспе құны 2023 жылдың мамыр айында жылдық мәнде 26,8%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
"Бұл өнімнің бөлшек саудадағы бір келісінің орташа бағасы мамырда 1213 теңгені құрады. Өңірлер арасында кеспенің ең қымбат бағасы Атырауда - 1525 теңге/кг, ең арзаны Қонаев қаласында 1009 теңге/кг", делінген бюро хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу