Қазақстанда киберқылмысты ашуға мамандардың біліктілігі жете бермейді

1189

Қазақстанда киберқылмысты ашуға мамандардың біліктілігі жете бермейді

Мемлекеттік органдар мен банк секторының электронды ресурстары қылмыскерлердің басты назарында тұр. Бұл туралы белгілі прокурор Қалауша Бегалиевтің 90 жылдығына арналған конференцияда айтылды, деп хабарлайды 24.kz.
Құқық қорғау органдары академиясының ғылыми қызметкерлерінің пайымынша, киберқылмыстардың алдын алу үшін бірлесе жұмыс атқарылуы керек. Себебі Қазақстан киберқауіпсіздік жөніндегі жаһандық индексте тек 83-орында тұр. Мұндай заңбұзушылықтың өрши түсуіне ғаламтор тұтынушылары санының ұлғаюы түрткі болып отыр. Мәселен, соңғы 6-7 жыл ішінде желі пайдаланушылары 75 пайызға артқан. 
"Елде киберқылмыс саны 23 есе артып отыр. Өкінішке қарай бұл заңбұзушылықтарды тергеуге біздің мамандардың біліктілігі жете бермейді. Олар айтитехнологияларды жетік меңгермеген. Осы орайда біз киберқылмысқа қатысты жазаны қатаңдатуды ұсындық. Сонымен қатар құқықтық статистика комитетінің жанынан арнайы орталық ашып, осындай заңсыз әрекеттерге мониторинг жасау қажеттігін алға тарттық", - деді құқық қорғау органдары академиясының ғылыми қызметкері Ләззат Теміржанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу