Қазақстанда кибершабуылға көбінде сауда жасайтын сайттар ұшырайды

834

Кибералаяқтар сайтқа кірген қолданушыны алаяқтық парақшаға қарай бағыттап отырады. 

Қазақстанда кибершабуылға көбінде сауда жасайтын сайттар ұшырайды

Қазақстанда көбіне сауда саласындағы сайттар кибершабуылға ұшырайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Сауда саласындағы ғаламтор-ресурстардың бұзылып, онда фишинг парақшалардың орналасуы жиі кездеседі. Өте танымал болғандықтан, қауіптің 60 пайызы осыларға төнеді. Фишинг ресми мәліметтерді ұрлаумен байланысты. Мәселен, банк картасының, әлеуметтік желі қолданушысының деректерін, электронды пошта немесе интернет-банкинг мәліметтерін осы тәсілмен ұрлайды", - дейді ақпараттық қауіпсіздік орталығының ұлттық координация директоры Жанат Жакупов. 

Оның сөзінше, қаскүнемдер фишингтің көп таралған түрі - "фарминг" дегенмен айналысады. Яғни, сайтқа кірген қолданушыны алаяқтық парақшаға қарай бағыттап отырады. Сондай-ақ, ол Қазақстанда ғаламтор-ресурстар қарқынды дамып жатқандықтан, хакерлердің елге қызығушылығы арта түскенін айтты. Бірінші жартыжылдықтың өзінде ғаламтор-ресурста 138 фишинг жағдайы, 246 зиянды бағдарламалардың таралу оқиғасы, 8980 ботнет, 915 бұзу-шабуылдау жағдайы орын алған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу