Қазақстанда киберспортшы болу үшін не істеу керек?

1098

Қазақстандық киберспортшылар алғаш рет IeSF World Championship чемпионатының финалына қатысады.  

Қазақстанда киберспортшы болу үшін не істеу керек?

Келесі бейсенбіде Қазақстандық киберспорт федерациясының басшылығы (Qazaq Cybersport Federation, QCF) тікелей эфирде осы қоғамдық бірлестіктің 2018-20 жылдар ішіндегі атқарған шаруаларын қорытындылап, келесі бес жылдықтың жоспарын таныстырады және қазақстандық журналистер мен киберспорт жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап береді.

3 желтоқсанда Нұр-Сұлтан уақытымен, сағат 11:00-де ZOOM платформасында  өтетін баспасөз мәслихатына Qazaq Cybersport Federation президенті Қуанышбек Есекеев, QCF вице-президенті Евгений Богатырев, Қазақстан киберспорт федерациясының даму жөніндегі директоры Бауыржан Садиев және спорт менеджері Қазбек Жанғазиев қатысады.

Трансляция сілтеме арқылы қол жетімді болады, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері іс-шараға қатысу үшін байланыс ақпаратын және сұрақтарын qcf.press@gmail.com электронды мекенжайына жіберуі керек немесе +7 7017650821, 8 708 710 89 90 телефондары арқылы аккредиттеле алады.

Qazaq Cybersport Federation - 2017 жылы елдегі киберспортты дамыту және кеңінен насихаттау үшін құрылған үкіметтік емес ұйым. 2018 жылы Қазақстанда киберспортты спорттық пән ретінде ресми мойындалуымен қатар, QCF елдің Мәдениет және спорт министрлігінде аккредитациядан өтті, ал биылғы жылы ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің тану туралы сертификатын иеленген еді.

Осы екі құжатты қабылдаған аралықта Федерация Pinger Pro ұлттық кибер платформасын қалыптастырды,  осы жерде 2018 жылдың қыркүйегінен бастап 2020 жылдың қазанына дейін 17 кибер пәндері бойынша 140-тан астам турнир өткізілді. Бұл жарыстарға Alaman Cup, Altel Cyber ​​Games, Gorilla Esports, Kazakhstan Esports Student League (KESL, Қазақстанның кибер студенттер лигасы) турнирлер сериясына 7 900 команда мен 40 мың адам қатысты.  

Сонымен қатар, құрылғаннан бері екі жарым жыл ішінде Pinger Pro IESF (International e-Sports Federation, Халықаралық электронды спорт федерациясы), AESF (Asian Electronic Sports, Азиаттық спорт федерациясы), GEF (Global Esports Federation, Ғаламдық киберспорт федерациясы ) және WESG (World Electronic Sports Games, AliSports патронатымен өткізілетін Дүниежүзілік электронды спорт ойындары) қамқорлығымен құрлықтық және әлем чемпионаттарын өткізетін алаңға айналды.

Қазақстандық командалар мен кибер спортшылардың осы турнирлерге қатысуы QCF-тің осы халықаралық федерациялар мен қауымдастықтардың қатарына қосылуының арқасында мүмкін болды. Осы баспасөз мәслихатынан кейін бірнеше күн ішінде Израильде IeSF World Championship әлем чемпионатының финалдық бөлігі басталады, оған Dota2 бағыты бойынша тарихта алғаш рет Қазақстандық бестік қатысады. Қазақстандықтар қараша айында ТМД мен Таяу Шығыстағы әлем біріншілігіне іріктеуді жеңіп алды. Осы жолда олар Ресей мен Украина құрамалары сияқты мықты командаларды артта қалдырып, ақтық айқаста Беларусь құрамасын жеңген еді.

Qazaq Cybersport Federation халықаралық аренадағы табысты жарыстарға кибер спортшыларды дайындауды қалай жолға қояды, киберспортта Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атану үшін не қажет, алдағы жылдары киберспортшылардың ішкі киберспорт жарыстары жүйесін қандай турнирлерге қосатыны туралы, сонымен қатар киберспортшылар қалай Олимпиадаға қатысады, елде киберспорт шеберлігін қай жерден үйренуге болады, осы және өзгеде қызықты мәселелерді келесі бейсенбіде, 3 желтоқсанда спорт федерациясының бірінші басшыларынан білуге ​​болады.

Өтетін мерзімі мен уақыты: 3 желтоқсан (бейсенбі), 11.00. Өтетін орны: ZOOM платформасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу