Қазақстанда киік аулау мерзімі белгіленді

446

Киік аулауға 1 қазан мен 15 қараша аралығында рұқсат етіледі.

Қазақстанда киік аулау мерзімі белгіленді Фото: Ак Жайык

Құжат Ашық НҚА порталында қоғам талқылауына ұсынылды.

Қазақстанда аң аулау қағидаларына енгізілетін өзгерістер жобасы әзірленіп, онда жыл сайын киік аулауға рұқсат етілетін мерзім белгіленді. 2024 жылдан бастап 1 қазан мен 15 қараша аралығында киік аулауға рұқсат етіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еске салайық, биыл Қазақстанда киіктердің санын реттеу туралы экология министрінің бұйрығы 6 қазаннан бастап күшіне енді. Министрліктің көктемгі әуе есебі бойынша мәліметінше, Қазақстандағы киіктер саны 2 миллионға жақындады. Ал биылғы төлді қосқанда 2 миллионнан да асып түскен болуы керек.

Соған орай, киіктердің оралдық популяциясын 20 пайызға, бетпақдалалық популяциясын 15 пайызға қысқартуға шешім қабылданған.

"Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығы әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес, жыныс құрамы мен мекендеу ортасына қарамастан, киікті аулау мерзімін 1 қазаннан 15 қарашаға дейін белгілеу ұсынылды", делінген құжат жобасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу