Қазақстанда кілем өндірісі төмендеді

509

Шетелден әкелінген өнімдердің нарықтағы үлесі 73,3% құрады.

Қазақстанда кілем өндірісі төмендеді Фото: shutterstock.com

2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында кілем мен кілем өнімдерінің өндіріс көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1% төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында қазақстандық кәсіпорындар 2,7 млн м2 кілем өнімін шығарса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3,6 млн м2 өнім өндірілген.

Бұл ретте аталған өнімдердің импорты 3,5% қысқарды. Мәселен, жоғарыда аталған кезеңде 7,4 млн м2 астам өнім импортталды. Шетелден әкелінген өнімдердің нарықтағы үлесі 73,3% құрады.

Осы ретте, бірінші жарты жылдың ішінде экспорт қарқыны 52,4% өскен, шетелге 334,1 мың м2 кілем өнімі жөнелтілді.

Алты айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта барлығы 9,8 млн м2 кілем мен кілем өнімі сатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу