Қазақстанда кітап оқу мен әдебиетті дамытуға арналған 10 жобаға 50 млн теңге грант беріледі

297

​Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Қазақстанда кітап оқу мен әдебиетті дамытуға арналған 10 жобаға 50 млн теңге грант беріледі Фото: ЖИ

Қазақстанда әдебиет, кітап басып шығару және кітап оқуға арналған цифрлық технологияларды дамытуға бағытталған 10 жоба гранттық қолдауға ие болды. Оларға жалпы сомасы 50 млн теңге бөлінеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Креативті индустрияларды дамыту қоры (Qazaq Creative) ұйымдастырған байқауға 172 өтінім түскен. Іріктеу қорытындысы бойынша үздік деп танылған 10 бастамаға 5 млн теңгеге дейін грант қарастырылған.

Қолдау алған жобалардың қатарында қазақ тіліндегі электронды кітапханалар мен оқу платформаларын әзірлеу, балаларға арналған кітаптар мен комикстер шығару, жасанды интеллект негізінде интерактивті білім беру құралдарын жасау бастамалары бар.

Атап айтқанда, грант иегерлері қатарынан "Сөз-Қазына", Oqiber, "Бір беттік кітап: Қазақ ертегілері", Satti.asia, "Тәтті ертегі", Abai Library, "Tulga", Compara жобалары, қазақстандық комикстер топтамасы және "Домбыра үйренгім келеді" бастамасы көрінді.

Министрліктің мәліметінше, бұл жобалар қазақ тіліндегі сапалы контентті көбейтуге, отандық әдебиеттің қолжетімділігін арттыруға және балалар мен жастардың кітап оқуға қызығушылығын оятуға бағытталған. Сонымен қатар цифрлық технологиялар арқылы ұлттық мәдениетті насихаттауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу