Қазақстанда кітапхана мамандарына арналған жаңа портал іске қосылды

257

Платформада кітапхана саласына қатысты құжаттар, оқыту материалдары мен жаңалықтар жинақталған.  

Қазақстанда кітапхана мамандарына арналған жаңа портал іске қосылды Фото: kod.ru

Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық порталды іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

kitaphanalarodagy.kz платформасында кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі білім беру материалдары, салалық басылымдар және отандық баспалар туралы ақпарат жинақталған.

Портал мамандар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Мұнда сала жаңалықтары мен алдағы іс-шаралар туралы ақпарат, оқыту материалдары жарияланып, пікір алмасуға арналған форум жұмыс істейді.

Сонымен қатар "Зерделі ұлт" бағыты арқылы кітап оқу мәдениетін насихаттау, кітапханалардың қоғамдағы рөлін арттыру және ұлттық зияткерлік құндылықтарды дәріптеу көзделген.

Жаңа портал кітапхана саласында бірқатар өзгеріс қолға алынған кезеңде іске қосылды. Қазір "Кітапхана және баспа ісі туралы" заң жобасы талқыланып, библиографиялық сипаттаудың халықаралық стандарттарын енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Электрондық құжаттарды есепке алу тетіктері әзірленуде. Сондай-ақ кітапхана жұмысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қолдануға басымдық берілуде.

Портал қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Қажетті ақпаратты жылдам табу үшін іздеу жүйесі мен тақырыптық сүзгі қарастырылған. Тіркелген пайдаланушылар жеке кабинеті арқылы қосымша қызметтерді пайдалана алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу