Қазақстанда қой етінің экспорты 10 мың тоннаға жетеді

1097

Қазақстанда қой етінің экспорты 10 мың тоннаға жетеді

Қазақстан қой етінің экспортын 2021 жылға қарай 50 есеге арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Төлеутай Рахымбеков мәлім етті.

"Индикативті мәліметтер бойынша, 2021 жылға қарай Қазақстанда қой етінің экспорты 10 мың тоннаға жетеді. 2016 жылы Қазақстан жалпы 191 тонна қой етін шетелге жөнелткен. Қазір біз жыл сайын 150 мың тонна қой етін өндіреміз. Ішкі тұтыну көлемі - шамамен 111 мың тонна. Біз өзіміздің қажеттілігімізді 130-140 процентке өтеп келеміз. Яғни, ішкі нарыққа қажетті нормадан 30-40 мың тоннаға көп шығарамыз. Бізге ішкі нарыққа нұқсан келтірмей-ақ 30-40 мың тонна қой етін сыртқа экспорттауға болады", - деді вице-министр баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазір Қазақстан қой етін Иранға тасымалдауға мүмкіндік алды. Себебі Иранмен бірлескен ветеринарлық сертификаттар жасалды. Араб Әмірліктеріне де жол ашық, қазір Израиль тарапымен де келіссөздер жүргізілде.

Т.Рахымбековтің сөзіне қарағанда, Қытай тарапы Қазақстаннан қой етін алуға мүдделі. Себебі, жыл санап қытайлықтардың азық-түлікке деген сұранысы артқан, ішкі өнімдердің көлемі жеткіліксіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу