Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға фермерлерден өтініш қабылдау басталды

589

Биыл көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға қазынадан 140 млрд теңге бөлінді.  

Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға фермерлерден өтініш қабылдау басталды Фото: ortcom.kz

Несиелеуді "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (АНК)  жүзеге асырады. АНК филиалдарында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен өтінімдерді қабылдау осы жылдың қаңтар айында басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аграрлық несие корпорациясына" қаржыландырудың жалпы сомасы 70 млрд теңгеден екі траншпен жіберілетін болады. Бірінші транш қазір аударылды, екінші транш ақпан айында жіберіледі.

Қаржыландыру АӨК субъектілеріне тікелей кредит беру арқылы, сондай-ақ кредиттік серіктестіктерді, екінші деңгейдегі банктерді және микроқаржы ұйымдарды қорландыру арқылы жүзеге асырылады.

АӨК субъектілері үшін сыйақы мөлшерлемесі:

  • банктік кепілдікпен тікелей кредиттеу кезінде жылдық мөлшерлеме 1,5% - дан аспайды;
  • кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, екінші деңгейдегі банктер қаржыландырған кезде жылдық мөлшерлеме 5%-дан аспайды.

2023 жылы бағдарламаның шарты бойынша кредиттеу мерзімі келесі жылдың көктемінің басына дейін ұзартылды, ал бұрын кредиттеу мерзімі қаржыландыру жылымен шектеліп келген болатын.

Бюджеттік қаржыландыру есебінен кемінде 2 млн га егіс алқабын қамту жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу