Қазақстанда қоқыс полигондары жетіспейді: үкімет қандай шара қолдануда

162

Министрлік 11 өңірде 43 полигон құрылысына қаражат бөлу мәселесін пысықтауда, оның болжамды жалпы құны – 53 млрд теңге.

Қазақстанда қоқыс полигондары жетіспейді: үкімет қандай шара қолдануда Фото: inbusiness.kz

2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 2 973 полигон болған, алайда олардың 20%-ында ғана (608) қажетті рұқсат құжаттары бар. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

− Олқылықты түзету үшін Үкімет 2023 жылы 100 жаңа полигон салу, жұмыс істеп тұрған 8 полигонды кеңейту және 5 полигонды рекультивацилау жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Бүгінгі таңда әкімдіктер 7 жаңа нысан салып, пайдалануға берді, олар Қостанай облысының Лисаковск қаласында, Ақтөбе облысындағы Мәртөк, Қобда және Қараулкелді аудандарында, Қарағанды облысы Абай қаласында, Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында және Қызылорда облысының Сырдария ауданында, – деді М. Ошурбаев Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу