Қазақстанда қоқыс проблемасы 2025 жылға дейін шешіледі

1393

Экология вице-министрі осылай деп мәлімдеді. 

Қазақстанда қоқыс проблемасы 2025 жылға дейін шешіледі

Биыл Қазақстанның төрт өңірінде қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған 7230 контейнер орнатылып, жалпы қуаттылығы жылына 300 мың тонна болатын үш жаңа қоқыс сұрыптау кешені іске қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың айтуынша бұл қоқыс мәселесін шешуде алға қойылған жоспарлардың бірі ғана. 
"Қазіргі уақытта полимер мен аралас қаптама қалдықтарын қайта өңдеу кешендерін салу бойынша жобалар конкурстық іріктеуден өтуде. Өңірлерде қалдықтарды бөлек жинауға арналған нысандар іске қосылып, инфрақұрылымды дамытқанда 2025 жылға дейін қайталама шикізат яғни, металл, шыны және пластик өңдеу көлемін 30%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді", – деді вице-министр. 

Қайта өңдеуге жарамайтын қалдықтар жаңа экологиялық кодекске сәйкес энергияға айналдыру зауыттарына жіберілетін болады.

"Қалдықтарды бөлек жинау және депозиттік-кепілдік жүйесін енгізу арқылы қалдықтардың 30%-ын қайта кәдеге жаратуға мүмкіндік береді. Қайта өңдеуге келмейтін қалдықтың 20% өртеуге жіберілмейді. Қалған қалдықтар қатты ластанған және бүгінгі таңда оларды жоюдың жалғыз жолы - энергетикалық кәдеге жарату болып саналады", – дейді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов.

Биыл 20 мамырда Экология министрлігі қалдықтарды энергияға айналдыру жобалары бойынша аукциондық сауда-саттық жариялады. "Waste to Energy" кешендерін Ақтөбе, Алматы, Өскемен, Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Шымкент қалаларында іске қосу жоспарлануда. Зауыттардың құрылысы инвесторларды тарту есебінен жүргізу жоспарланған. 

"Болжам бойынша, алты зауытты іске қосу нәтижесінде 2025 жылға қарай қалдық өңдеу көлемін 30%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Өртеуге келмейтін қалдықтар көлемі 20%-ды құраса, қалған қалдықты энерегияға айналдыру жоспары тұр", – деп жазылған министрліктің хабарламасында.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу