Қазақстанда көкжөтелмен ауыру 10%-ға төмендеді

185

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  

Қазақстанда көкжөтелмен ауыру 10%-ға төмендеді Фото: tengrinews.kz

Қазақстанда 2026 жылдың басынан бері көкжөтелмен сырқаттанушылық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 10%-ға төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде барлығы 250 жағдай тіркелген.

Ауруға шалдыққандардың 91%-ын бес жасқа дейінгі вакцина алмаған балалар құрайды. Министрлік бұл көрсеткіш балаларға екпені уақытында салудың маңыздылығын көрсететінін атап өтті.

2026 жылдың жеті айында 361 мыңнан астам бала көкжөтелге қарсы жоспарлы вакцинациядан өтті. Оның ішінде бір жасқа дейінгі 102 мың, бір жастағы 91,5 мың және алты жастағы 167,5 мың бала бар. Вакцинациядан кейін қолайсыз реакциялар тіркелмеген.

Сонымен қатар белгіленген мерзімде екпе алмаған 18 жасқа дейінгі 107,5 мың бала мен жасөспірім қосымша вакцинацияланды.

Денсаулық сақтау министрлігі көкжөтелдің алдын алудың ең тиімді жолы вакцинация екенін еске салды. Иммундау жұмыстары елдің барлық өңірінде жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу