Қазақстанда көкжөтелмен сырқаттану 2,8 есеге төмендеді

222

Денсаулық сақтау министрлігі оң көрсеткішті вакцинациямен байланыстырып отыр.  

Қазақстанда көкжөтелмен сырқаттану 2,8 есеге төмендеді Фото: ria.ru

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда көкжөтелдің 76 жағдайы тіркелді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 2,8 есеге төмендегенін көрсетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мамандардың айтуынша, оң динамика вакцинациялау және балаларды толықтырып иммундау жұмыстарының нәтижесінде қалыптасқан.

Дегенмен, сырқаттанғандардың 88 пайызын екпе алмаған балалар құрайды. Жалпы 67 жағдай тіркелген. Оның ішінде балалардың 69 пайызы ата-аналардың профилактикалық екпеден бас тартуына байланысты вакцина алмаған. Ал 22 пайызында медициналық қарсы көрсетілім болған, 9 пайызы екпе жасына жетпеген.

Денсаулық сақтау министрлігі вакцинация көкжөтелдің алдын алудың және аурудың ауыр асқынуларын болдырмаудың ең тиімді тәсілі екенін еске салды.

Биылғы жылдың алғашқы төрт айында көкжөтелге қарсы жоспарлы вакцинациямен 178,9 мың бала қамтылған. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 51,6 мың бала, 1 жастағы 46,7 мың бала және 6 жастағы 80,7 мың бала бар.

Сонымен қатар екпені уақытында алмаған балаларды толықтырып иммундау жалғасып жатыр. Жыл басынан бері көкжөтелге қарсы вакцинациямен 18 жасқа дейінгі 64,6 мың бала мен жасөспірім қосымша қамтылған.

Министрлік инфекциялық аурулардың алдын алу және профилактикалық екпелердің маңыздылығы жөнінде халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу