Қазақстанда көлеңкелі экономиканың көлемі ЖІӨ-нің 20%-ын құрайды, деп мәлім етті қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
"Көлеңкелі экономиканы құрайтындардың бірі – жалған кәсіпкерлік арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру жолымен мемлекеттік сатып алуларда бюджет қаражатын жұмсауға байланысты заң бұзушылықтар", – деді Бақыт Сұлтанов сейсенбі күні үкіметтің отырысында.
Ол сондай-ақ бөлінген қаражаттың үштен бірі құрылыс және сауда саласына тиесілі екенін атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу