Қазақстанда көлік тіркету 2 сағаттан 20 минутқа дейін қысқарады

919

Қазақстанда көлік тіркету 2 сағаттан 20 минутқа дейін қысқарады

Қазақстанда көлік тіркету 2 сағаттан 20 минутқа дейін қысқарады. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов Facebook-тегі парақшасына жазды.

"Күн сайын біздің арнайы ХҚКО-ға мыңдаған адам келеді. Арнайы ХККО құрылғанға дейін бұл процедура 6 сағаттан көп уақытқа созылатын, қазір  сіздің айыппұлыңыз жоқ, салығыңыз төленген болса нөмірді екі сағат ішінде ала аласыз. Бұл бір жақсы іс болды. Бірақ, бұнымен тоқтап қалмаймыз, ешкім бізге екі сағат  деп шектеу қойған жоқ.  

Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін қалай жақсартуға болады? Бұл мәселе ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевпен бірге талқыланып, автокөлік тіркеуін электронды форматқа ауыстыру туралы ұсыныс пайда болды.

ҚР ішкі істер министрлігімен біріге отырып, біз бұл мәселені ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсындық және премьер-министрдің орынбасары Жұмағалиев Асқар Қуанышұлының басшылық жасауымен, шешім қабылдадық.
Оның айтуынша, бұл үдеріс төмендегідей жолмен жүзеге аспақ.

Қазір сіз көлік сатып алғанда сатушымен бірге арнайы ХҚКО-ға барып, көлікті тексеруден өткізіп, егер бар болса айыппұлдарыңызды төлеп, иеліктен шығаруға және қоюға құжат өткізіп, жаңа нөмірді екі сағаттай уақыт күтесіз

Көлікті тіркеуге қоюға өтініш беру онлайн жүзеге асады. Алдымен электронды үкімет порталында өтініш қалдырасыз. Төленбеген айыппұлдар мен салықтарды да сол кезде бірден тексеріп, мемлекеттік нөмір таңдайсыз Ары қарай сатушы келісімді растап, сіз кузовты тексеруге кез келген техбайқау пунктіне немесе арнайы ХҚКО-дағы ангарға барасыз. 

Көлікті сәйкестендіруден өткен соң полиция қызметкері тіркеуді аяқтап, сіз арнайы ХҚКО-да дайын нөмір мен техпаспортты ала аласыз немесе осы құжаттарды Қазпошта арқылы сізге қолайлы мекенжайға жеткізуге тапсырыс бере аласыз. Осылайша автокөлікті тіркеу уақытын екі сағаттан 20 минутқа қысқарту жоспарланып отыр", - деп жазады Оспанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу