ҚазАвтоЖол компаниясы көлік құралдарының Қазақстанның автожолдарында жүруі үшін рұқсат етілген салмақтарын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Компанияның мәліметінше, бұл шектік салмақтар жол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен ұзақ мерзімді қызмет етуін, сондай-ақ жолдардың сапасын сақтап тұру үшін енгізілген. Компания рұқсат етілген салмақтардың көлік құралының санатына және оның білігіне байланысты екенін атап өтті.
Дара автокөлік құралдары (М, N және О (тіркеме) санатты):
- екі білікті 18,0 тонна;
- үш білікті 25,0 тонна;
- М3 санатты буындастырылған автобустар 28,0 тонна;
- төрт білікті, оның ішінде екі басқару білігі бар 32,0 тонна;
- бес білікті 38,0 тонна;
- алты және одан да астам білігі бар 44,0 тонна;
Ал құрамында тартқыш пен тіркеме (жартылай тіркеме) бар автопойыздар үшін:
- үш білікті 28,0 тонна;
- төрт білікті 36,0 тонна;
- бес білікті 40,0 тонна;
- алты білікті 44,0 тонна;
- алты біліктен жоғары дара автокөлік құралдарына жол берілетін салмақтарының қосындысынан аспауы тиіс.
“Бұл нормалар тек жол жабынының сақталуына ғана емес, сондай-ақ көлік құралдары үшін қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді”, – делінген хабарламада.
Компания осы талаптарды сақтамаған көлік құралдарының иелері мен жүргізушілерге айыппұл салынатынын атап өтті.