Бұл туралы Мәжіліс депутаты Александр Милютин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Экология және табиғатты пайдалану комитеті екі заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеп жатыр. Олардың бірі экологиялық таза көлікті ынталандыру, электромобильдер инфрақұрылымын дамыту туралы. Екіншісі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
"Заң жобаларына мәжіліс депутаттары экологиялық таза көлікті дамыту мақсатында бастамашылық етті. Заң жобасын қабылдау электр қуатымен жүретін көліктер инфрақұрылымын дамытуға, электр зарядтау станцияларын орнату үшін құқықтық тетіктерді реттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексте электр көліктерін қою немесе қою үшін белгіленген орындарда басқа көлік құралдарын қою ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады", – деді Милютин Мәжіліс отырысында.