4 айда кәсіпорындардың тасымалдаудан түскен табысы 355,3 млрд теңгені құрады. Жолаушылар тасымалы қызметтері былтырғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда биыл 9% қымбаттады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Теміржол көлігі
Тасымалданған жолаушы – 6,7 млн
- жолаушылар санының өсуі – 8,2%
- бағаның өсуі (2024ж сәуірде 2023ж сәуірге қарағанда) – 7,9%
- жолаушылар тасымалынан түскен кіріс – 39,1 млрд тг
Әуе көлігі
Тасымалданған жолаушы – 4,2 млн
- жолаушылар санының өсуі – 18,4%
- бағаның өсуі (2024ж сәуірде 2023ж сәуірге қарағанда) – 3%
- жолаушылар тасымалынан түскен кіріс – 225,2 млрд тг
Автомобиль және қалалық көлік (автобус, троллейбус, такси және т.б.)
Тасымалданған жолаушы – 538,1 млн жолаушы
- жолаушылар санының өсуі – 8,3%
- бағаның өсуі (2024ж сәуірде 2023ж сәуірге қарағанда) – 9,6%
- жолаушылар тасымалынан түскен кіріс – 90,9 млрд тг
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу