Қазақстанда қолма-қол ақша алу тәртібі өзгеруі мүмкін

580

Жаңа cалық кодексіне сай қаулы өзгерістер мен мәлімет берудің жаңа түрлерін енгізуді көздейді.  

Қазақстанда қолма-қол ақша алу тәртібі өзгеруі мүмкін Фото: egemen.kz

Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларын бекіту туралы" қаулының жобасын талқыға шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Егер қаулы қолданысқа енгізілсе,  кәсіпкерлердің банктерден қолма-қол ақша алу реті өзгереді.

Қазіргі ереже бойынша, кәсіпкер ақша аларда оны қайда жұмсайтынын көрсетеді.

Бұдан кейін банк мемлекеттік кіріс органына хабарласып, ол мақұлдаған жағдайда ақшаны береді.

Ұлттық банк қаулыны 2026 жылдың I тоқсанында күшіне енеді деп жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу