Биылғы жылдың қаңтар-қарашасы аралығында Қазақстан аумағында төлем карталарынан алынған қолма-қол ақшаның көлемі 15 трлн теңгеге жуықтады, деп хабарлайды finprom.kz.
2020 жылы төлем карталарынан қолма-қол ақша алу көлемі 4,3% ғана өскен. Бұл бұған дейінгі барлық кезеңдегі ең төменгі көрсеткіш.
Биылғы қаңтар-қарашада аталған көрсеткіш жалпы карталық айналымдағы қаражаттың 33,3%-ын құраған. Өткен жылы 55,8%, бес жыл бұрын 90% шамасында еді.
Жыл басынан бері төлем карталарынан алынған қолма-қол ақшаның үштен бір бөлігі Алматы (3,1 трлн теңге) мен Нұр-Сұлтанға (1,6 трлн теңге) тиеселі. Сондай-ақ, Қарағанды облысы (1,1 трлн теңге) мен Шымкент қаласын қоса алғанда Түркістан облысы (1,7 трлн теңге) да белсенді.
Қаражаттың басым бөлігі төлем карталарынан банкомат арқылы алынған, яғни 13,7 трлн теңге — бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,5% жоғары. Ал
POS-терминалдар арқылы алынған ақша көлемі 39,5%-ға азайып, 1,2 трлн теңгені құраған.
Құралай Құдайберген