Қазақстанда көмір қоры 4,5 млн тоннадан асты

105

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға жоғары. Желтоқсан айында ол 5 млннан да артық болған. 

Қазақстанда көмір қоры 4,5 млн тоннадан асты Фото: canva.com

Бұл туралы ҚР Энергетика Вице-Министрі Сұңғат Есімханов орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жылыту маусымы бастылғаннан бастап 7,5 млн тонна көмір жопардан артық өңірлерге жеткізілді.

Жалпы, ағымдағы жылыту маусымында коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықтың көмірге деген қажеттілігі 7,46 млн тоннаны құрайды. Бүгінгі күні 7,68 млн тонна немесе жылдық жоспардың 103%-ы орындалды, – деді ол.

Жоспардан артық қор жинақталуы өңірлердегі ауа температурасының төмендеуіне байланысты жүзеге асқан.

Энергетика министрлігі өңір әкімдіктерімен, Қазақстан темір жолы ҰК" АҚ, көмір өндіруші кәсіпорындармен бірлесіп Республикалық штабтың күнделікті отырыстарын өткізуде.

Жауапты органдар көмір қорын қалыптастыру, тасымалдау және энергетикалық қауіпсіздікті сақтау бағытындағы шараларды күнделікті бақылауда ұстап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу