Қазақстанда көмір өндірісі қысқарды

2071

Қаңтар-тамыз аралығында оның көлемі 2,4 пайызға төмендеді.

Қазақстанда көмір өндірісі қысқарды

Қазақстан көмір өндірісін азайтты. Биылғы қаңтар-тамыз аралығында оның көлемі 2,4 пайызға төмендеп, барлығы 71 млн 949 мың тонна шығарылған.

Жалпы елімізде негізгі көмір өндірісі үш аймаққа: Павлодар, Қарағанды және Шығыс-Қазақстан облыстарына тиесілі.

Бұған дейін айтылғандай, Қазақстан мен Қытай Оңтүістік-Шығыс Азия елдеріне көмір экспорттау бойынша келісімге қол қойған. Транзиттік тасымалдың жылдық көлемі 2 млн тоннаға жетеді делінген болатын. Аталған әріптестікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Қытайға жасаған сапары барысында қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу