Мәселен, елордалықтар күн суытқалы қара отын таба алмай дал. Темір жол тұйықтарындағы кезек пен тапшылық турасында бейнежазбалар әлеуметтік желіде желдей тарауда. Алайда ел бойынша көмір тасымалына жауапты Қазақстан темір жолы да, бас қала әкімдігі де дефицит жоқ деп санайды. Мұны дәлелдеу үшін ҚТЖ бүгін журналистерді тұйықтардың біріне арнайы алып барды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу