Қазақстанда көмірден газ, дизель отыны және кокс өндірілмек

169

Көмір химиясы саласында 3 ірі жоба жүзеге асырылады.  

Қазақстанда көмірден газ, дизель отыны және кокс өндірілмек Фото: exclusive.kz

Энергетика министрлігі көмір химиясын дамыту бағытын көмір өнеркәсібін жаңғыртудың және шикізатты терең өңдеу арқылы жоғары қосылған құны бар өндірістер қалыптастырудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде қарастырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қарағанды облысында жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіретін зауыттың құрылысы басталды. Жобаны іске қосылса 500-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарында көмірден дизель отынын өндіретін, әрқайсысының қуаты жылына 100 мың тоннаны құрайтын екі жоба жүзеге асырылып жатыр.

Бұдан бөлек, тағы үш перспективалы жоба пысықталу үстінде. Қарағанды облысында таскөмір шайырын қайта өңдеуді, бензол өндіруді және кокс газын тазартуды қамтитын кокс-химия өндірісін құру мәселесі қарастырылып жатыр.

Абай облысында аммиак пен карбамид өндіру жобасы қаралу үстінде. Тағы бір перспективалы жоба көмірден газ өндіруді көздейді.

Қазақстанның бай көмір қоры жаңа жоғары технологиялық өндірістер құруға және көмірді терең өңдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу