Қазақстанда көмірді ел аумағынан көлікпен әкетуге 6 айға тыйым салынды

532

Бұдан бөлек жүнді әкетуге арналған экспорттық кедендік баждың нөлдік мөлшерлемесінің қолданылу мерзімі ұзартылды. 

Қазақстанда көмірді ел аумағынан көлікпен әкетуге 6 айға тыйым салынды Фото: primeminister.kz

Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында бірқатар шешімдер қабылданды, деп жазады inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, жүнді әкетуге арналған экспорттық кедендік баждың нөлдік мөлшерлемесінің қолданылу мерзімі 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Бұл қырқылған жүнді тікелей өткізуден фермерлерге түсетін табысты 20-25%-ға, қайта өңдеу кәсіпорындарында 10%-ға ұлғайтуға септігін тигізетіні көрсетілген. Сонымен қатар фермерлердің селекцияға деген қызығушылығы артып, биязы жүнді қойларды көбейтуге ықпал етпек.

"ВАК шешімімен 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге ірі қара малдың терісіне экспорттық кедендік бажды 1 тонна үшін 200-ден 100 еуроға дейін төмендету және ұсақ малдың терісіне экспорттық кедендік баждарды жою мақұлданды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағынан көмірді және лигнитті (қоңыр көмірді) автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге уақытша тыйым салуды белгілеу туралы шешім қабылданды. Ірі қара және ұсақ мал басынан басқа, тірі ірі қара малды, қой мен ешкіні ҚР аумағынан әкетуге квотаның қолданылу мерзімі 6 айға ұзартылды", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, ведомствоаралық комиссия отырысында аттракциондық техниканың кейбір түрлеріне, балыққа арналған жемге кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін төмендету бойынша ұсыныстар да қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу