Қазақстанда көмірдің жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салынды

366

Бұйрық 21 қарашадан бастап күшіне енеді.

Қазақстанда көмірдің жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салынды Фото: inbusiness.kz

ҚР Индустрия және құрылыс министрі 2023 жылғы 7 қарашадағы "Көмір мен қоңыр көмір экспортын реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Қазақстан аумағынан алты ай мерзімге көмірдің мына түрлерін автомобильмен әкетуге тыйым салынады:

  • тас көмір;
  • брикеттер, түйіршіктер және көмірден алынған ұқсас қатты отындар:
  • көмір, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған, бірақ агломерацияланбаған; қоңыр көмір немесе қоңыр көмір, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған.

Бұйрық 2023 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 26 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Сонымен қатар Қазақстан қара металл сынықтары мен қалдықтарын экспорттауды шектеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу