Қазақстанда конкурстық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін МЖӘ веб-порталы жасалуда

647

Бұл туралы ОКҚ алаңында Қазақстандық МЖӘ орталығының басқарушы директоры Айдос Көбетов мәлімдеді.

Қазақстанда конкурстық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін МЖӘ веб-порталы жасалуда

Қазақстанда конкурстық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін МЖӘ веб-порталы жасалуда Мамыр айынан бастап бес өңірде портал пилоттық режимде іске қосылады. Ал қыркүйектен бастап бұл тәжірибе ел бойынша қолданысқа енгізілмек. Бұл туралы ОКҚ алаңында Қазақстандық МЖӘ орталығының басқарушы директоры Айдос Көбетов мәлімдеді.

"Жалпы, веб-порталды енгізу әрі қолдану жоспарлау процесінің қысқартылуына, инвесторды тарту мәселесінің ашық әрі объективті өтуіне, сонымен қатар жемқорлықты болдырмаудың бірден бір жолы болып табылады", - деді спикер.

Сондай-ақ процестерді цифрландырудың нәтижесінде бұған дейін қағаз түрінде жоспарланып келген барлық жобалар енді арнайы ақпараттық жүйені қолдану арқылы жүзеге асырылатын болады. SOURCE ақпараттық жүйесі енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу