Қазақстанда көпбалалы отбасылар 253,9 млрд теңгеге жәрдемақы алды

461

Мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен орта есеппен алғанда 496,9 мың отбасы қамтылған.

Қазақстанда көпбалалы отбасылар 253,9 млрд теңгеге жәрдемақы алды Фото: tengrinews.kz

Жыл басынан бері еліміздегі көпбалалы отбасылар 253,9 млрд теңгеге жәрдемақы алды, деп жазады inbusiness.kz Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қыркүйек айында 462 мың отбасына 26,5 млрд теңгеге жәрдемақы төленді.

Ақпаратқа сәйкес, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыға табысына қарамастан 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар үміткер бола алады.

“Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы 4 балаға – 50 975 теңге, 5 балаға – 63 727 теңге, 6 балаға –  76 479 теңге, 7 балаға – 89 231 теңге, 8 балаға – 101 760 теңге, 9 балаға – 114 480 теңге, 10 балаға – 127 200 теңге, 11 балаға – 139 920 теңге, 12 балаға – 152 640 теңге, 13 балаға – 165 360 теңге, 14 балаға – 178 080 теңге, 15 балаға – 190 800 теңге, 16 балаға – 203 520 теңге немесе әр балаға 12 720 теңге төленеді”, –делінген ведомство мәліметінде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу