8 қабаттан асатын үйлерге қоныстану енді тексерусіз болмайды

175

Аталған нормалар "Азаматтық қорғау туралы" заңда нақты бекітілген. Құжатта азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғау басым міндеттердің бірі ретінде айқындалған.

8 қабаттан асатын үйлерге қоныстану енді тексерусіз болмайды Фото: canva

Енді биіктігі 28 метрден жоғары, шамамен 8-10 қабаттан асатын барлық көппәтерлі тұрғын үйлер қоныстандырылмас бұрын өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі жөнінде міндетті қорытынды алуы тиіс, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл талап 1 ақпаннан бастап күшіне енеді. Қорытындыны Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері ғимаратта өрт-техникалық тексеру жүргізгеннен кейін береді. Яғни, құрылыс нысаны толықтай дайын болғанымен, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай екені дәлелденбейінше, тұрғындарды кіргізуге рұқсат етілмейді.

Жаңа тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Биік үйлердегі өрт қаупі мен эвакуациялау күрделілігін ескере отырып, мемлекет бұл саладағы бақылауды жүйелі түрде күшейтіп отыр.

Осылайша, құрылыс салушылар мен тапсырыс берушілердің жауапкершілігі де арта түспек.

Айта кету керек, өрт қауіпсіздігіне қатысты қорытындыны қағазбастылықсыз, онлайн форматта алуға мүмкіндік бар. Қызмет eGov порталы арқылы "Е-лицензиялау" жүйесінде көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу