Қазақстанда корей технологиясымен балмұздақ өндіріледі

323

Қазақстанда корей технологияларын қолдана отырып, балмұздақтың жаңа түрлерін өндіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қазақстанда корей технологиясымен балмұздақ өндіріледі Фото: jp.pinterest.com

Осы мақсатта "Шин-Лайн", ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Оңтүстік Кореяның Sungwon Machinery Co., Ltd. компаниясы үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісім өндірісті жаңғыртуға, заманауи азиялық технологияларды енгізуге және корей үлгісіндегі жаңа балмұздақ түрлерін шығаруға бағытталған.

Жоба аясында "Шин-Лайн" базасында "Шин-Лайн Инжиниринг" компаниясы құрылады. Ол жаңа өндірістік технологияларды енгізіп, оларды Қазақстандағы өндіріс жағдайына бейімдеумен айналысады.

Сондай-ақ кәсіпорында балмұздақ өндіруге арналған автоматтандырылған жүйелер іске қосылады. Олардың қатарында Dry Coater технологиясы, жоғары дәлдіктегі сорғы станциялары және Summer Crunch өндірістік кешендері бар.

"Біздің мақсатымыз – Қазақстанға корейлік тәжірибені әкеліп, өз инженерлік әлеуетімізді қалыптастыру және халықаралық стандарттарға сай жаңа өнімдер шығару. Бұл ынтымақтастық ұзақ мерзімді нәтижеге жеткізеді деп сенеміз", – деді "Шин-Лайн" ЖШС президенті Андрей Шин.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жобаға ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетіп, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдеседі.

Үш жылға есептелген жоба тамақ өнеркәсібін жаңғыртуға, шетелдік технологияларды тартуға және отандық өнімдердің экспорттық мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу