Қазақстанда қорғаныс, мемлекеттік басқару саласындағы қызметкерлердің жалақы өсті

590

Биыл мемлекеттік басқару және қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секторы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 249 мың теңгеге жетті, деп хабарлады inbusiness.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда қорғаныс, мемлекеттік басқару саласындағы қызметкерлердің жалақы өсті Фото: lada.kz

Аталмыш сала қызметкерлерінің жалақысы бір жылда 22,6%-ға өсті.

Сектордағы ең жоғары жалақы міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында 654 мың теңгеге жетіп, 1,3% өсім көрсеткен. Халыққа қызмет көрсету саласында 246,6 мың теңге, жалпы сипаттағы мемлекеттік басқару және әлеуметтік-экономикалық басқару саласында 249,3 мың теңге болды.

Өңір бойынша сектордағы ең жоғары жалақыны астаналық қызметкерлер алды. Олар 393,3 мың теңге алады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,3%-ға артық. Одан кейінгі орында Қызылорда облысы (283,9 мың теңге) және Алматы (265,5 мың теңге) қаласы тұр.

Ең төменгі көрсеткіштер Ақмола (209,1 мың тг), Абай (209,7 мың тг) және Шығыс Қазақстан (212,7 мың тг) облыстарында тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу