"Қорқыт ата" телехикаясының түсірілімі басталды, деп хабарлайды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі телеграм-каналындағы парақшасында.
Бүгін "Қорқыт ата"телехикаясының түсірілім алаңына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі келді. Тарихи туындыны "Қазақстан" телерадиокорпорациясы мен Өзбекстанның "кинематография агенттігі" бірлесіп түсіреді. Сериал төрт бөлімнен тұрады.
Қорқыт ата – "Сарыарқа" даласынан шыққан X ғасырдағы түркі әлемінің ақын-әншісі, композиторы. Қобыз атасы, ақын, әңгімеші, ақындар мен музыканттардың қамқоршысы.
АҚДМ басшысы түсірілім тобына Алтай өлкесіндегі түркі академиясының зерттеушілері тапқан V-VІ ғасырлардағы қобызды пайдалануды ұсынды.