Қазақстанда корона-такси қызметі іске қосылуы мүмкін

579

Қосымша 807 жедел жәрдем көлігі сатып алынады.

Қазақстанда корона-такси қызметі іске қосылуы мүмкін Фото: Максим Морозов

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

"Халықты тестпен барынша қамтамасыз ету үшін жедел жәрдем қызметі шақыртуларға барып, тест алады. Әр өңірде COVID-2019 бойынша халықты тестпен қамту үшін эпидемиологиялық ахуалға байланысты талаптарды айқындау көзделіп отыр", – деген Алексей Цой бүгінде жедел жәрдем қызметіне арыз-шағым көбейіп кеткенін жеткізді.

"Жалпы Қазақстанда жедел жәрдем шақыру жиілігі 1,8 есе артты. Нұр-Сұлтан мен Алматы сынды ірі қалаларда көрсеткіш 2-2,5 жарым есе өсті.Өте өзекті мәселелердің бірі – бригадалар мен жедел жәрдем көлігінің жетіспеуі. Қазіргі кезде елімізде жасалған 807 жедел жәрдем көлігін сатып алу туралы келісімге қол жеткіздік. Бұған қоса медициналық емес ұйымдардың көліктерінің көмегімен корона-такси қызметін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл қызмет шетелде кеңінен қолданылып келеді. Осы ұсыныстар ведомтствоаралық комиссияның қарауына берілді. Қолдауға ие болар деген үміттемін", – деді министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу