Қазақстанда коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ – Жандарбек Бекшин

924

Қытайда коронавирустан 1016 адам қайтыс болды 

Қазақстанда коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ – Жандарбек Бекшин

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің мәлімдеуінше, бүгінге дейін Қытай Халық Республикасының провинциялары мен автономды аудандарында 42 648 коронавирустық пневмания тіркелді. Салдарынан 1016 науқас қайтыс болды. Ал 3 396 адам ауруынан айығып, құлан-таза жазылып шықты. 

"Әлемнің 27 елінде коронавирус дертіне шалдыққан 448 науқас анықталды. 
31 қаңтар мен 11 ақпан аралығында коронавирус дертіне шалдыққан науқастардың саны 22%-дан 6,1%-ға төмендеді. Осылайша Қытай Халық Республикасында эпидемиологиялық жағдай тұрақтана бастады", – деді Жандарбек Бекшин. 

Бас санитарлық дәрігердің мәлімдеуінше, коронавирустың таралуына тосқауыл қою мақсатында 6 қаңтардан бері мемлекеттік шекарадан өткен 260 мың адам тексерілілді. 

"Қытайдан келген 30 852 адам ерекше назарға алынды. Дене қызуы жоғары болған 140 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 113-і сауығып шықты. 27-сі стационарда жатыр. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Емдеуге жатқызылған адамдардың ешқайсысында коронавирус анықталған жоқ. Медициналық ұйымдар Қытайдан келген 23 мың адамның денсаулығына күні бойы мониторинг жасайды. Бүгінгі күні инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты 15 478 адам мониторингтен алынды. 8690 адам медициналық бақылауда тұр. Ешкімде коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ", – деді ол.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу