Қазақстанда коронавирус қайта өршуі мүмкін бе?

175

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Ведомство дерегінше, Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай әзірге тұрақты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда коронавирус қайта өршуі мүмкін бе? Фото: pixabay.com

"2025 жылдың басынан бері жалпы 329 расталған жағдай тіркелді, қайтыс болу жағдайлары тіркелген жоқ. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 3,7 есеге азайған. Республика бойынша аптасына 25 жағдайға дейін тіркеліп жатыр. Инфекциялық төсектердің жүктемесі — 27%, реанимациялық төсек-орындар — 2%, сондай-ақ стационарларда коронавирус инфекциясымен 2 науқас ем қабылдап жатыр, жағдайы — орташа ауырлықта", — делінген ведомство хабарламасында.

Әлемдегі жағдай сияқты, Қазақстанда да 2022 жылы алғаш анықталған Омикрон нұсқасының штамдары әлі бар. 

"Омикрон нұсқасы 30-дан астам мутацияны қамтиды және аурудың жеңіл өтуімен сипатталады, сондықтан стационарлық емдеуді қажет етпейді. Аурудың негізгі симптомдары — жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы, жөтел", — деп түсіндірді министрлік.

Басқа елдерде сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі сақтық шараларын да ұсынған:

• жіті респираторлық инфекциямен ауыратын адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу;

• қолды, әсіресе науқас немесе олардың айналасындағы адамдармен тікелей байланыстан кейін жиі жуу;

• үй-жайларды тұрақты түрде желдету;

• ауру симптомдары байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгіну.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу