Қазақстанда коронавирус статистикасы жаңарды

1065

Өткен тәулікте ПТР-тестінің оң нәтижесі бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 354 жағдай тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Қазақстанда коронавирус статистикасы жаңарды

Бір күн бұрын елімізде 342 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелген болатын.      

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында – 76, Алматы қаласында – 49, Шымкент қаласында – 7, Ақмола облысында – 46, Ақтөбе облысында – 1, Алматы облысында – 8, Атырау облысында – 3, Шығыс Қазақстан облысында – 17, Жамбыл облысында – 2, Батыс Қазақстан облысында – 2, Қарағанды облысында – 65, Қостанай облысында – 7, Қызылорда облысында – 1, Маңғыстау облысында – 2, Павлодар облысында – 37, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Түркістан облысында – 1 адамның коронавирус жұқтырғанғаны белгілі болған.

Елімізде пандемия басталғаннан бері коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 986 553-ке жетті. Сонымен қатар 958 277 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 7 361 адам коронавирус инфекциясынан (15 290 КВИ+ және 2 071 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:

  •  2 533 пациент стационарда,
  • 14 828 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 211 адамның жағдайы ауыр,
  • 71 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу