Қазақстанда коронавирус тіркелді

2822

 Германиядан келген екі қазақстандық коронавирус жұқтырды, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. 

Қазақстанда коронавирус тіркелді

"Бүгін бізде Германиядан келген екі азаматымыздан коронавирус расталды", - деді ол жұмада өткен брифингте.

Коронавирус жұқтырған екі қазақстандық Германиядан 9 және 12 наурызда келді, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

"Азаматтар Германиядан 9 және 12 наурызда келді. Олар ер және әйел адам. Бірінші рейс 9 наурыз күні келген, онда 73 жолаушылар келді. Қазір дәрігерлер оларды оқшаулауды бастады. Бұл науқастар емес, олар 14 күнге карантинге жіберіледі", - деді Денсаулық сақтау министрі брифингте. 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу