Қазақстанда коронавирус вакцинасын ектіргендер саны 2,8 млн адамға жетті

915

COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы соңғы жаңалықтарды жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қазақстанда коронавирус вакцинасын ектіргендер саны 2,8 млн адамға жетті

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 943 адам жұқтырған. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында – 323; 
Алматы қаласында – 110;
Шымкент қаласында – 17;
Ақмола облысында – 33;
Ақтөбе облысында – 7;
Алматы облысында – 27; 
Атырау облысында – 26;
Шығыс Қазақстан облысында – 64;
Жамбыл облысында – 22;
Батыс Қазақстан облысында – 13;
Қарағанды облысында – 153;
Қостанай облысында – 31;
Қызылорда облысында – 30;
Маңғыстау облысында – 12;
Павлодар облысында – 43;
Солтүстік Қазақстан облысында – 15;
Түркістан облысында - 17.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 410 523 адамға жетті.

Ал коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан адамдардың саны бір тәулікте 1084 адамға жетті. Атап айтқанда: 
Нұр-Сұлтан қаласында – 273;
Алматы қаласында – 100;
Шымкент қаласында – 10;
Ақмола облысында – 18;
Ақтөбе облысында – 55;
Алматы облысында – 10;
Атырау облысында – 85;
Шығыс Қазақстан облысында – 54;
Жамбыл облысында – 48;
Батыс Қазақстан облысында – 138;
Қарағанды облысында – 129;
Қостанай облысында – 29;
Қызылорда облысында – 7;
Маңғыстау облысында – 8;
Павлодар облысында – 85;
Солтүстік Қазақстан облысында – 22;
Түркістан облысында – 13.
Барлығы 386 127 адам COVID-19 індетінен сауығып шыққан.

22 маусымдағы мәлімет бойынша 21 330 адам коронавирус инфекциясынан (20 147 КВИ+ және 1 183КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 6 310 пациент стационарда болса, 15 020 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 419 адамның жағдайы ауыр. 95 пациенттің жағдайы өте ауыр болса, 59 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы тұр. "Сары" аймақта Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары болса, "жасыл" аймақта Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары орналасқан. 

22 маусымға дейін Қазақстанда вакцинаның I компонентімен 2 809 447 адам егілді. II компонент 1 715 750 адамға салынды.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу