Қазақстанда коронавирусқа қарсы қандай вакциналар егіліп жатыр

2405

Бұл туралы ел Президентінің Жолдауы бойынша өткен брифингте ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы қандай вакциналар егіліп жатыр

"Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусқа қарсы 3 вакцина қолжетімді ("Спутник V", "Синофарм", "QazVac"). Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы IV тоқсанда Pfizer жеткізіледі деп күтілуде. Бұл ретте тиімділігі жағынан шетелдік баламалардан кем түспейтін отандық вакцинаны қолдайтын боламыз", –  деді Ералы Тоғжанов.

Премьер-министр орынбасарының айтуынша, өткен айда "QazVac" вакцинасы 650 мың доза көлемінде өндірілген, осы айда 750 мың доза жеткізіледі деп күтілуде. Екі өндірістік алаң дайындалған. Жамбыл облысындағы биофармацевтикалық зауыт және "Антиген" кәсіпорнының базасында "QazVac" шығарудың толық циклі бар БҚПҒЗИ екінші өндірістік алаңы іске қосылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу