Үкімет кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирустың таралуына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"КВИ бойынша жағдай жалпы алғанда тұрақты. Орта есеппен күніне 100-ге жуық жағдай анықталады. Өткен аптамен салыстырғанда 20%-ға шамалы өсу байқалады. Омикрон да таралуда. Дәрігерлер ешқандай жаңа белгілерді тіркеген жоқ", - деді министр.
Екпе алмаған науқастарда індет ауыр өрбиді, деп қосты министр.
"Ел бойынша жансақтау бөлімінде 7 адам жатыр. Олар: қарттар, созылмалы ауруы бар науқастар және екпе алмағандар", - деп түйіндеді министр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу