Қазақстанда коронавируспен ауырғандар 3 есеге жуық өсті

423

Маусым айының ортасынан бастап COVID-19 аурушаңдығы салыстырмалы түрде 2,9 есе өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда коронавируспен ауырғандар 3 есеге жуық өсті

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, 27 маусымда сырқаттанушылықтың тәуліктік өсуі 61 жағдайды құраса, 5 шілдеде 187 дерекке көбейді.

"Аурушаңдық көрсеткішінің жоғарылау тенденциясы ревакцинация қарқынының төмендеуімен байланысты. Коронавирусқа қарсы мүлде екпе алмаған тұрғындар қатары да аз емес. Індетке шалдығу жағдайларының 80%-ға жуығы вакцинацияланбаған немесе соңғы иммунизациядан кейін 6 айдан астам уақыт өткен адамдар үлесінде. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұған дейін азаматтардың ревакцинациядан өтуден бас тартуына байланысты сырқаттанушылықтың өсу қаупі туралы ескерткен болатын", – деп жазды комиссия.

Айта кетейік, ел бойынша барлығы 10,4 млн астам адам COVID-19 вирусына қарсы егілді. 4,8 млн адам қайта вакцинацияланды. Статистика көрсетіп отырғандай, ревакцинация қарқыны 2 есе төмендеген.

Бүгінгі таңда елімізде вакциналардың жеткілікті қоры бар. Халықты иммундау отандық QazVac, қытайлық Vero Cell және американдық Pfizer препараттарымен жүргізіледі.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Алматы қаласы "сары" аймақта. Қазір Оңтүстік мегаполисте сырқаттанушылықтың тәуліктік өсімі 112 жағдайды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу