Қазақстанда коронавирусты анықтайтын диагностикалық жүйе жасалды

1125

Коронавирусты инфекция болуы мүмкін деген науқастардан сынама алынды.

Қазақстанда коронавирусты анықтайтын диагностикалық жүйе жасалды

Ұлттық биотехнология орталығы коронавирус бойынша экспресс диагностикалық жүйесін жасады. Бұл туралы "Қазақстан ғылымын дамытудың өзекті мәселелері" секциясында Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Коронавирус сияқты жаңа инфекция пайда болған кездегі басты проблема – сатылатын диагностикалық жүйенің жоқ болуы. Ұлттық биотехнология орталығында ҚР Білім және ғылым министрлігі диагностика жасау бағытында зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Біз бір апта ішінде диагностикалық тест-жүйесін жасадық. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшылық етуімен коронавирусты инфекция болуы мүмкін деген науқастардан сынама алып, диагностика жасаудамыз", – дейді Ерлан Раманқұлов.

Ол диагностика жасау үшін бір күн кететінін айтты.

"Диагностика қорытындысын жариялауға құқығым жоқ. Жалпы елімізде ауру белгілері барлар өткен аптада пайда болды. ДДСҰ коронавирус инфекциясы туралы ақпаратты шамамен он күн бұрын таратты. Біз мәселе неге қатысты екенін түсініп, диагностика жасайтын жүйені жасаумен айналыса бастағанымызға бір жарым апта болды. Біз жылдам жұмыс істедік. Бұл Қазақстанда да ғылым бар екенін және ол нақты нәтиже көрсететінін білдіреді", - деді ол.

Орталық директоры диагностика жасайтын жүйенің экспериментті нұсқасын жасағандарын айтты.

"Диагностика жасайтын жүйені жасауды ҚР Білім және ғылым министрлігі қаржыландырды. Диагностика жасайтын жүйе жасалды және оған Алматыдағы Орталық рефененс-зертханада сараптама жасалып жатыр. Егер адамға тән инфекция екені анықталса - мұнымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс істейді. Нәтижесі қалай болғаны туралы да тек сол министрлік айта алады", – деді орталық директоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу