Қазақстанда коронавирустық пневмониядан тағы екі адам қайтыс болды

591

Жалпы, тамыз айының басынан бері елде коронавирустың клиникалық көріністерімен, бірақ ПТР теріс нәтижесімен 33 мың 608 пневмония тіркелді. 

Қазақстанда коронавирустық пневмониядан тағы екі адам қайтыс болды

Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 белгілері бар, бірақ ПТР сынағы теріс пневмонияның 37 жаңа жағдайы тіркелді, 57 адам сауығып, екеуі қайтыс болды, деп хабарлады дүйсенбіде республиканың денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бір күн бұрын елімізде теріс ПТР-мен коронавирустық пневмонияның 193 жағдайы анықталды, адам өлімі болған жоқ.

Жалпы, тамыз айының басынан бері елде коронавирустың клиникалық көріністерімен, бірақ ПТР теріс нәтижесімен 33 мың 608 пневмония тіркелді, 360 адам қайтыс болды, 27 мың 507 адам пневмониядан айығып кетті.     

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 1 746-ға жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3213 адам емделіп жатыр, оның 73-і балалар. Ауруханаларда 1 мың 806 науқас, ал амбулаториялық ем адып жатқандар 1 мың 407 науқас жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 89 адамның жағдайы ауыр, 12-сі өте ауыр, 19-ы жасанды тыныс алу аппаратына жалғанған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу