Қазақстанда коронавирустың "британиялық штамының" 12 жағдайы анықталды

747

ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығының" баспасөз-қызметі 12 вирустан "британиялық штамм" генотипі анықталғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстанда коронавирустың "британиялық штамының" 12 жағдайы анықталды

"ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша молекулярлық-генетикалық зерттеулер зертханасы толық геномдық секвенирлеу әдісімен COVID-19 оң нәтижесі бар 265 үлгіні зерттеді. SARS-CoV-2 вирусының генетикалық сипаттамасына бұл сынамалар Қазақстан Республикасының 14 өңірінен алынды. Нуклеотидтер тізбегін талдау нәтижесінде мамандар 12 вирустан "британиялық штамм" генотипін анықтады",– деп жазылған орталық таратқан хабарламада.

12 штамның 8 жағдайы Шарм-эль-Шейх (Мысыр) және Дубай (Біріккен Араб Әмірліктері) халықаралық рейстері арқылы келген азаматтардан табылған. Қазіргі уақытта бұл елдерде SARS-CoV-2 коронавирусының "британиялық" және "оңтүстікафрикалық" штамдары көп байқалуда.

Сондай-ақ "британиялық штамның" генотипі бар 4 вирус Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Ақтөбе облысында табылған. Орталық вирус шетелден келген азаматтардан таралуы мүмкін деп болжап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу