Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы таралуда

438

Эрис – омикрон штаммының жаңа нұсқасы.

Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы таралуда Фото: inbusiness.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанда коронавирустың "Эрис" жаңа штаммы анықталғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, елде жаңа штаммның болуын бақылау үшін ай сайын COVID-19-ға генетикалық талдау жүргізіледі.

"Ай сайын біз COVID-19-ға генетикалық талдау жасаймыз. Бұл елде жаңа штамм айналымда ма, жоқ па, вирустың түрі өзгерді ме, өзгермеді ме – соны анықтау үшін керек.. Ал жақында жүргізілген генетикалық зерттеулер елге Эрис штаммы келгенін көрсетті. Вирус мутацияға ұшырап, оның әртүрлі штаммдары тіркелуде", – деп хабарлады Ажар Ғиният.

Бұған дейін Ресейде жаңа штамм табылған болатын. "Эрис" - қолданыстағы омикрон штаммының жаңа нұсқасы. Бұл штаммның алғашқы белгілері - тамақ ауруы, мұрынның ағуы, жөтел және кеуде қуысының қысылуы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу