Бүгінде 15 шетелдікке мұндай тыйым салынған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.
Көші-қон қызметі комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Масақбаевтың айтуынша, шетел азаматтары көбіне көші-қон заңнамасын сақтамайды екен. Былтыр сол үшін 73 мың шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 7 мың 739-ы елден шығарылды.
"Көші-қон заңнамасын сақтамаған шетелдіктерге ішкі істер органдарының қызметкерлерімен әкімшілік хаттама толтырылады. 10 күннен асқан жағдайда әкімшілік сотқа жолданады. Онда соттың санкциясымен 2 түрлі шешім бар. Айыппұл 25 АЕК немесе ҚР аумағынан 5 жылға шығарып жіберу", - деді ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Масақбаев.
Айта кеткен жөн, былтыр ел аумағына 14 млн-нан аса адам келсе, оның 12 млн 355 мыңнан астамы елден қайта шыққан. Сала өкілдері азаматтар ағынының көбеюі – 82 елмен визасыз режимнің орнатылуымен байланыстырып отыр. Келушілердің басым бөлігі – Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан мен Тәжікстан елдерінің азаматтары.