Ішкі істер министрлігі жанар-жағармай материалдарының ел аумағынан заңсыз шығарылуына жол бермеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазіргі таңда 48 автокөлік өткізу пунктінде полиция қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған. Қосымша жанармай бактарымен жабдықталған көліктерге ерекше назар аударылуда.
Жыл басынан бері жалпы сыйымдылығы 150 тоннадан асатын қосымша бактарды заңсыз орнатудың 537 фактісінің жолы кесілді.
Мәселен, 2 қазанда Жамбыл облысында көршілес мемлекеттің азаматы жүк көлігіне рұқсатсыз 500 литрлік қосымша бак орнатқаны анықталды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бак алынып тасталды.
Полиция жанар-жағармай материалдарының елден заңсыз шығарылуына жол бермеу жұмыстарын жалғастырады.