Қазақстанда қозықұйрық өсіру ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізіміне енбеген

3963

Қазақстанда қозықұйрық өсіру ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізіміне енбеген

Саңырауқұлақ шаруашылығы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізіміне енбеген. Сондықтан, оны дамытып, өсіруге мемлекеттік қолдау ретінде қаржы-қаражат та қарастырылмаған, деп жазады ortalyk-kaz.kz.
Саңырауқұлақ – дамыған елдерде дара сала. Қазір 70 елде қозықұйрық, жазғы түбіртек егу жолға қойылған. Одан жылына 14 млрд АҚШ доллары көлемінде қосымша табыс тауып отыр.
Бүгінде  жеуге жарамды саңырауқұлақтардың дүние жүзіндегі өндірісі жылына 5 млн тоннаны құрайды екен. Соңғы жиырма жыл ішінде ол 13-18 пайызға өсіп отыр. Бұл шаруашылықта да бірінші орынды Қытай иеленіпті. Одан кейін алпауыт АҚШ, Жапония, Франция, Тайланд, Германия, Польша, Канада. Венгрия да бұлардан қалыс қалған жоқ. Көрші Ресейде  де жылына 6 мың тонна са¬ңырауқұлақ шығаруды жолға қойған. 
Саңырауқұлақ өндірісі дамыған елдерде оны тұтыну жылына жан басына шаққанда 2,5 кг құраса, ТМД елдерінде, соның ішінде, біздің елде 100 грамнан ғана келеді екен. Оның 1 келісі – 1 келі ет. Бізде саңырауқұлақ шаруашылығы сала болмақ түгілі, ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізіміне енбей тұр. 
Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, бізде саңырауқұлақпен айналысатын заңды шаруашылық жоқ. Жекелеген адамдар өздері өсіріп, іске асырып жатады. Ал, нақты оған арналған сала жоқ. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізімінде де жоқ. Сондықтан, оны дамытып, өсіруге мемлекеттік қолдау ретінде қаржы-қаражат та қарастырылмаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу